Интерфейсті конфигурациялау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Kaspersky Security Center интерфейсін конфигурациялай аласыз:

Kaspersky Security Center интерфейсін қазіргі уақытта қолданылатын функциялар жиынтығына сәйкес конфигурациялау үшін, келесі әрекеттерді таңдаңыз:

  1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
  2. Бағдарламаның басты терезесі мәзірінде КөруИнтерфейсті конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Интерфейсті конфигурациялау терезесінде келесі жалаушаларды пайдаланып, интерфейс элементтерін көрсетуді конфигурациялаңыз:
    • Осалдықтар мен патчтарды басқаруды көрсету
    • Деректерді шифрлауды және қорғауды көрсету
    • Соңғы нүктелерді басқару параметрлерін көрсету
    • Ұялы құрылғыларды басқару тармағын көрсету
    • Қосалқы Басқару серверлерін көрсету
    • Қауіпсіздік параметрлері бар тарауларды көрсету
  4. OK түймесін басыңыз.

Кейбір өзгертулерді қолдану үшін бағдарламаның басты терезесін жауып, оны қайтадан ашу керек.

Бағдарламаның негізгі терезесінде элементтердің көрсетілуін конфигурациялау үшін:

  1. Бағдарламаның басты терезесінің мәзірінде КөруКонфигурациялау тармағын таңдаңыз.
  2. Ашылған Көруді конфигурациялау терезесінде басты терезенің элементтерін жалаушалардың көмегімен көрсетуді конфигурациялаңыз.
  3. OK түймесін басыңыз.
Басына оралу